2022 жылдың 24 маусымында «Айбын-2022» жиынының жабылу салтанатында ақтық ойынның жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
2022 жылғы 20-25 маусым аралығында «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Айбын-2022» VIII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтіп, оның ашылуына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.
Бір апта ішінде әскери колледждің командасы әскери колледждің намысын қорғап, жиынның барлық кезеңдерінен абыроймен өтіп, жалпы командалық есепте 1 орынға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұландары 3 жыл қатарынан “Айбын” әскери патриоттық жиынында 1-орын алып келеді.
Жиынға қатысушылар «Спасск» оқу-жаттығу орталығында болып, онда әрбір жасөспірім Қазақстанның қазіргі заманғы армиясының әскери техникасы мен қару-жарағының заманауи үлгілерімен танысты. Ұландар да өз күштері мен мүмкіндіктерін сынап, аталған жиында өздеріне жаңа достар тапты.
Жиын барысында түрлі сабақтар мен кештер өткізілді, Қазақстанның белгілі тұлғаларымен кездесулер, сондай-ақ мәдени-демалыс іс-шаралары өткізілді. Ұландар жиын туралы жақсы пікірлерін айтып, жастарды оған қатысуға, өз қабілеттерін толық ашуға және жаңа бір тың сезімдер алуға шақырды.