1 -шілдеде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері «Сержанттар күнін» атап өтеді. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің бастығы атынан қызметтік міндеттерін адал орындағаны және үлгілі әскери тәртібі үшін сержанттар құрамына кезекті әскери атақтар, грамоталар мен алғыс хаттар берілді.
Бүгінгі таңда сержанттар армияның маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Көп нәрсе сержанттар құрамының кәсібилігіне байланысты, өйткені ұландарды оқыту мен тәрбиелеу олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Әскери колледждің сержанттар құрамы кіші буын қолбасшылығы үшін әскери машықтың үлгісі және бейнесі болып табылады.
Сержанттар құрамы лауазымдарында әскери қызметтерін өткеріп жүрген барлық әскери қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Мықты денсаулық және әскери қызметтеріне табыс тілейміз.