Әкімшілік құқық бұзушылық статистикасы әскери қызметшілердің көбінесе жол қозғалысы ережелерін бұзатындығын көрсетеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жеке құраммен түрлі сабақтар мен әңгімелесулер өткізілді, сондай-ақ әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерін тарта отырып, тұрақты негізде профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.

Әскери қызметші Қарулы Күштердің имиджі әрбір лауазымды тұлғаға байланысты екенін ұғынуы, сондықтан барлығы Қазақстан Республикасының заңдарын мүлтіксіз сақтауы тиіс.

Жауынгерге қойылатын маңызды талаптардың бірі – тәртіпті болу, яғни әскери жарғылардың талаптарын, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын мүлтіксіз орындау.  Әрбір әскери қызметші тәртіпті сақтамаса бөлімшеде қатаң жарғылық тәртіп ұстап тұру мүмкін емес. Өйткені, тәртіп әскери қызметтің жаны, жеңістің анасы деп аталуы кездейсоқтық емес. Мықты тәртіп әскери топты біріктіреді, оны ұйымдастырады.

28 07 2022 1

28 07 2022 2

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege