Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын және 2022 жыл «Балалар жылын» қолдау мақсатында генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде үстел теннисінен, волейбол, шағын-футболдан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті мен әскери колледж басшылығы спорттық іс-шара ұйымдастырып өткізді.
Аталған спорттық іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлер кеңесінің мүшелері, 68665 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбаздары мен «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-шараны өткізудегі басты мақсат ардагерлер мен жастар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын көрсету, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу .
Іс-шараның соңында жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, ардагерлер жастарға ақ тілектерін айтты.