«Балалар жылын» қолдау мақсатында және «Білім күніне» орай әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс жөніндегі әйелдер кеңесі мүшелері әскери қызметшілердің балаларына арнап іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс жөніндегі әйелдер кеңесінің төрайымы Абдуаитова А.А, отбасымен жұмыс жөніндегі әйелдер кеңесінің мүшелері балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап: «Әскери колледждің басшылығы, әскери колледждің әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс жөніндегі әйелдер кеңесі әр әскери қызметшінің отбасын назарда ұстап, әр отбасының мүшесіне көңіл бөлудеміз. Жылсайын жаңа оқу жылының басында мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1-сыныпқа барып жатқан бүлдіршіндерімізді қуанту үшін, сонымен қатар көп балалы отбасыларымызға қолдау білдіру мақсатында осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы - оң, қадамдары құтты болсын! Еліміздің ертеңгі болашағы өздеріңсіңдер, қиялдарың ұшқыр, қанаттарың талмасын! Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жағымды жаңалықтарға толы болсын!» деп өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

31 08 2022 1  31 08 2022 3

31 08 2022 1  31 08 2022 3

31 08 2022 6

31 08 2022 6

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege