Бүгін Астана қаласындағы әскери колледждің жеке құрамы Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алу іс-шарасын өткізді.
Осыдан 9 жыл бұрын – 2013 жылдың 24 қыркүйегінде өмірден озған болатын.
Колледж алдындағы батырдың мүсініне гүл шоқтары қойылып, әскери оқу орынының жеке құрамы мен тәрбиеленушілері салтанатты саппен жүріп өтті.
​Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы ел есінде мәңгі сақталып, тарихта аты алтын әріппен жазылып қала бермек.

 

 

 

 

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege