2023 жылғы 26 сәуірде Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 37 жылдығына арналған «Жер - біздің ортақ үйіміз» атты іс-шара өткізілді. Мұндай іс-шаралардың мақсаты өскелең ұрпақты әскери-патриоттық, рухани-адамгершілік, жанашырлық сезімдерге тәрбиелеу болып табылады.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы бойынша «Чернобыль Одағы» ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұстафа Хұсайын Дәуітұлы, Астана қаласы «Чернобыль Одағы» ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Ахметов Әдепхан Шахаманұлы, «Чернобыль Одағы» ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Әшірбаев Бақытжан Шәкірұлы шақырылды.
Іс-шара қонақтары ұландарға Чернобыль апаты туралы, ЧАЭС зардаптарын жоюда жүргізген жұмыстары, ерлік пен қайсарлық, жауапкершілік туралы әңгімелеп берді.
Кездесу соңында «Чернобыль атом электр станциясындағы апат» деректі фильмінің бейнебаяны ұсынылды, онда сәуірдің түнінде атом электр станциясында болған қайғылы оқиғалар, электр станциясының төртінші блогындағы өртпен күреске кіріскен батырлар туралы баяндалады.
Батылдықтың, азаматтық борышқа адалдықтың шынайы үлгісі болған Чернобыль атом электр станциясында болған алапат апаттың салдарын жоюға қатысушыларды біз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, еске аламыз.