2023 жылғы 5 мамырда Астанада Қазақстан Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бүкілармиялық кеңес өтті.
Әскери колледждің акт залында Әскери колледж бастығы полковник Газиз Ауесқанұлы Тулеушев барлық жеке құрамға Қазақстан Республикасы Президентінің бүкілармиялық кеңесте айтылған сөздерін, талаптарын жеткізді.
Қазақстан Президенті әскери дайындық пен ғылым жүйесін дамыту маңызды міндет екендігін, Әскери академиялар мен институттар әлемдік стандарттарға сай болуы қажеттігін, осы саладағы жоғары оқу орындарының материалдық базасын кеңейту және оқу бағдарламаларын уақыт талаптарына бейімдеу қажеттігін атап өтті.