3-маусым күні Әскери колледжде «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасымен бірлескен «Ашық есік» күні іс-шарасы өтті.

Іс-шараға Бас әскери прокуроры генерал-майор Секенов Дастан Әбдіқадырұлы және әскери қызметшілердің балалалары шақырылды.

Генерал-майор Секенов Дастан Әбдіқадырұлы колледж ұландарымен сұхбаттасып, ұландарды қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Ал балалар оқу кабинеттерін, кітапхана, спортзал, жүзу бассейнін, Әскери колледж мұражайын тамашалады. Асханада болып, ұландардың ас мәзірімен танысып, өздері де сарбаз ботқасынан дәм татты.

Әскери колледждің футбол алаңында футбол ойнап, саптық алаңда ұландардың көмегімен пневматикалық қарудан оқ атып көріп, сайысқа түсті. Іс-шара соңында генерал-майор Секенов Дастан Әбдіқадырұлы және Әскери колледж бастығы полковник Тулеушев Газиз Ауесканұлы балаларды мерекемен құттықтап, іс-шараға белсенді қатысқан балаларды грамотамен марапаттады.

Әскери колледж жеке құрамы балаларды әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, оларға қызықты мерекелік көңіл-күй сыйлады.

   

   

  

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege