Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің барлық ұжымының балалары үшін «Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған қызықты балалық шақ мерекесі ұйымдастырылды.

Балалар мерекесі жазғы мектеп демалысының басталуымен тұспа-тұс келді. Әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс жөніндегі бөлімі балалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайына баруын ұйымдастырды, онда балалар Қазақстан тарихынан сыр шертетін павильондарды аралап, «Палеонтология» залында жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі мен ерекшелігіне таңданып, қызығушылықтарын танытты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ғимаратының алдында өткен гарнизондық іс-шараға қатысты.

Осы іс-шарада Ақмола өңірлік гарнизоны әскери қызметшілерінің балалар арасында «Отан отбасынан басталады» тақырыбындағы өткізілген сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды. Психологиялық жұмыстар қызметінің бас маманы (психолог) аға сержант Иманғалиева Гүлнәр Сағандыққызының қызы Аяулым І-орынды иеленді. Мереке ойын-сауықпен, аниматорлардың қызықты ойындарымен жалғасты.

 

  

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege