12 маусымда Әскери колледжінің әскери қызметшілерімен және ұландарымен Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының өкілдері жарғылық емес қарым-қатынастардың, биліктен асып кетудің және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгімелесу өткізді.

Әскери полиция бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Д. Әділбеков, сондай-ақ анықтау және іздестіру бөлімінің аға офицері әділет капитаны А.Әжібеков, әскери тәртіпті сақтау - әскери қызметтің басты шарттарының бірі болып табылатынын әскери колледжінің жеке құрамына жеткізді. Сондай-ақ, әскери полиция өкілдері Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері жасаған құқық бұзушылықтар бойынша статистикасын келтірді.

  

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege