Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және қарым-қатынаста, әлеуметтік желілерде және БАҚ-та этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау бойынша онкүндік өтті.
Онкүндік ішінде әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдарға қызметтік құжаттарды, интернет және әлеуметтік желілерді пайдалану ережелерін түсіндіре отырып, дәрістер мен әңгімесулер өткізілді. Сондай-ақ, жеке құраммен мүмкін болатын жағдайлар және белгілі бір жағдайдағы дұрыс әрекеттерді талдайтын кейс талқыланды. Интернет-алаяқтық пен киберқылмыстарды өзектендіру жағдайындағы ақпараттық қауіпсіздік әскери қызмет қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.