2023 жылғы 4-10 маусым аралығында 2- курстың ұландары Щучинск қаласында орналасқан «Амандық» оқу орталығында оқу-далалық жиындарда болды.

Ұландар байланыс, РХБҚ, қару-жарақ және әскери техника, инженерлік-саперлік дайындық әскери мамандықтары бойынша сабақта алған білімдерін практикада пысықтады. Барлық ұлдар күн сайын АК-74-тен бақылау ату, оның ішінде түнгі уақытта ату жаттығуларын орындады,  осылайша ату дағдыларын жетілдірді.

Далалық жағдайда өмір сүру, әрине ұжымды біріктіреді, сонымен қатар әскери кәсіпті игеруде маңызды баға жетпес тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.

Оқу-далалық жиындарын өткізу қорытындысы бойынша түрлі бағыттар бойынша үздік нәтижелер көрсеткен үздік ұландар анықталды. Әскери колледж басшылығы ұландарды мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

 

     

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege