Қарулы күштерінде Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» байқау өтті.

Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту, әскери қызметшілерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жеке құрам арасында әртүрлі ұлт өкілдерінің достығын нығайту, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін, өнерін, мәдениетін дәріптеу.

Әскери колледж командасы алғашқы рет осы байқауға қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Түрлі ұлттардың әскери қызметшілері қазақ тілін жетік меңгергенін көрсетіп, мемлекеттік тілде өнер көрсетті.

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы көрермендерге ұмытылмас эмоциялар қалдырып,  әсерлі нөмірлермен өнер көрсетті.

 

  

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege