Бүгін армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде кадеттердің алғашқы шығарылымы өтті.

Салтанатты шығарылым армияның бірінші Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай өтті.

Оқу үздіктері мен үздік түлектер Сағадат Нұрмағамбетов атындағы мерейтойлық медальдармен марапатталды. 82 жас сержант погондарын алды, олардың барлығы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде одан әрі әскери қызмет өткеретін болады.

Естеріңізге сала кетейік, әскери колледж 2021 жылы "Жас ұлан" республикалық мектебінің базасында құрылған болатын. Бүгінгі таңда ел мен Қарулы Күштердің басшылығы қорғаныс ведомствосының жауынгерлік дайындығының негізгі буыны болып табылатын сержанттар құрамын дайындауға ерекше назар аударады.

Іс-шара армия генералы С.Нұрмағамбетовтің ескерткішіне дәстүрлі гүл шоқтарын қоюдан басталды, содан кейін әскери-оқу орнының алаңында диплом тапсыру рәсімі, сондай-ақ сержанттық корпусқа кіру рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара жас сержанттардың орындауындағы вальспен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege