Әскери колледжіне Аризона штатының Ұлттық гвардиясының қолбасшысы, бригадалық генерал-майор Керри Л. Мюленбек ханым бастаған Америка Құрама Штаттарының делегациясы келді.
Таныстыру экскурсиясы аясында қонақтар оқу орнының оқу-материалдық базасымен, оқу сыныптары және мұражаймен танысты. Әскери колледждің кадеттері делегацияөкілдеріне оқу орнының тарихы, дәстүрлері және оның көрнекті түлектері туралы айтып берді.
Әсіресе Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, КеңесОдағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің өмір жолы мен еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптасуына қосқанүлесі ерекше аталып өтті. Қонақтар Сағадат Нұрмағамбетовтің қызметіне зор қызығушылық танытты.