2025 жылғы 24 мамыр күні әскери колледжінде Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 101 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты шара жоғары патриоттық рухта өтіп, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық қаһармандарды есте сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Олар Сағадат Нұрмағамбетовтың заманауи армияның қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.
Сағадат Қожахметұлы – тек даңқты қолбасшы ғана емес, сонымен қатар батырлықтың, адалдық пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Оның өмір жолы мен ерліктері жас ұрпаққа шабыт беріп, Отанға адал қызмет етуге және әскери дәстүрлерді құрметтеуге үндейді.