Мұндай құрметке 2-ші оқу ротасының кадеттері Құрманқұлов Даниал мен Кадин Әл-Фараби ие болды.
Мемлекеттік рәміздер күні үздік курсанттар мен кадеттерге погон табыстаған генерал-полковник Руслан Жақсылықов түлектер Отан қорғаушы атағын лайықты алып жүретініне және батыр бабалардың өсиеттеріне адал болатынына сенім білдірді.