2025 жылғы 21 маусымда Ақмола өңірлік гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет лейтенанты Бекен Мадияр армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж кадеттерімен әңгімелесті. Кездесу барысында болашақ әскери қызметшінің жеке басын қалыптастыруға тікелей әсер ететін маңызды мәселелер талқыланды: суицидтің алдын алу, лудоманиямен күрес, сондай-ақ әскери тәртіп пен жарғылық нормаларды сақтау қажеттілігі.