2025 жылғы 7 мамырда Тәуелсіздік алаңында өткен Жеңіс мерекесінің мерейтойлық шеруіне қатысқаны үшін әскери колледждің ұландары грамоталармен марапатталды
Армия генералы СағадатНұрмағамбетов атындағы әскери колледждің ұландары барабаншы ретінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге қатысқаны үшін Қорғанысминистрінің атынан грамоталармен марапатталды.
Марапаттар салтанатты шеру барысында көрсеткен жоғары дайындық деңгейін, тәртіптілікті және патриоттық сезімдерін жоғары бағалау болып табылады. Мерекелік шеруге қатысу- барлық ұландардың жадында мәңгілікке сақталар жарқын сәтке айналды.