2025 жылғы 2 қыркүйекте армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде «Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «БІРТҰТАС ЕЛ-БІРТҰТАС ЖЕР» тақырыбында ерлік сабағы өтті.
Сабақты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Тоғұсов Амангелді Құрманғажыұлы жүргізіп, ел бірлігін сақтау, Отанға адал болу және өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.