Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде «Сыбайлас жемқорлықсыз Армия» онкүндігі аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Жеке құрамға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға арналған жадынама түсіндіріліп, сондай-ақ антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнеролик көрсетілді.






