Әскери полиция қызметкерлері армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің әскери қызметшілерінің жеке автокөліктеріне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында жүргізуші куәлігі, көлік құралын тіркеу құжаттары және сақтандыру полистерінің болуы мен талаптарға сәйкестігі назарға алынды. Сонымен қатар автокөліктердің техникалық жарамдылығы, жарық беру жүйесі, тежегіш жүйесі және шиналардың жағдайы тексерілді.

Бұдан бөлек, міндетті қауіпсіздік құралдарының — алғашқы медициналық көмек қобдишасының, өрт сөндіргіштің және апаттық тоқтау белгісінің болуы қадағаланды.

Тексеру қорытындысы бойынша автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау, көліктердің техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау және құжаттарды уақытылы рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсынымдар берілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік тәртібін нығайтуға бағытталған.

 

 

 

 

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege