Жыл он екі айдың жадыраған жаз айы да келіп жетті. Жаздың бірінші күні – Халықаралық балаларды қорғау күні. 1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Атаулы мерекенің басты мақсаты балаларға барлық жағдай жасай отырып, болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру болып табылады.
Міне бүгін де, Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеу әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс істеу қызметінің төрайымы Айнұр Алайдарқызының ұйымдастыруымен әскери қызметшілердің балаларына арналған «Бар жақсылық – балаларға!» атты мерекерлік іс-шара ұйымдастырылып, әйгілі «Red Bus» екі қабатты автобусында «Бәйтерек», «Думан океанариумы», Жағалау», «Хан Шатыр» СОО, «Expo», «Триумфальді арка», «Қазақстанның Ұлттық мұражайы» бағыттары бойынша экскурссия өтті. Бұл балалар мерекесі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңі ретінде аталып өтті. Аталған іс - шараға «Жас ұлан» РМ әскери қызметшілерінің 30 баласы қатысты.
Экскурссия танымдық қана емес, сондай-ақ балалар үшін аниматорлар көптеген конкурстар мен ойындар өткізгендіктен мереке өте көңілді болды. Осы ұйымдастырылатын мерекелік сайыстар мен жарыстарға белсене қатысқан балалар құралақан қалмай, сыйлықтарға ие болды. Балалар ұмытылмас әсер алды! Балаларға өз жүрегіңнің жылулығын сыйлай отырып, сүйіспеншілікке, қамқорлыққа бөлеуді ұмытпаңыз!