Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дандыбаев Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
«Білім күніне» арналған іс-шараға жаңадан түскен тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары, сондай-ақ әскери колледждің жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ, әскери колледждің ашылу құрметінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери - патриоттық орталығының «Жас сарбаз» балалар қозғалысының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті.
««Жас ұлан» мектебін әскери колледжге қайта ұйымдастыру - бұл бүгінгі таңда Қарулы Күштерде ерекше сұранысқа ие үш мамандық бойынша сержанттар құрамын даярлау мақсатында қабылданған шешім. Мен әскери колледжге жаңа табыстар мен жетістіктер тілегім келеді. Әрбір оқушы болашағымыздың мықты іргетасы болатындай жаңа білімдер алсын. Кез-келген мансап білімнен басталады. Білім неғұрлым сапалы болса, сіздің өміріңізді құратын іргетас соғұрлым берік болады», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Әскери колледждің тәрбиеленушілеріне арнаған сөзінде генерал-лейтенант Тимур Дандыбаев колледждің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында ашылуы Қорғаныс ведомствосындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылатынын атап өтті. Аты аңызға айналған қолбасшы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімімен аталатын мекемеде оқи отырып, әрбір тәрбиеленуші өз таңдауының дұрыстығын терең ұғынып, біздің Тәуелсіздігіміз үшін күрескен ата-бабаларымыздың ерлігі мен табандылығының үлгісін алуға тиіс.
Соңында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дандыбаев барлық қатысушыларды Білім күнімен құттықтап, әскери колледжге гүлдену мен табыс тіледі.