Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде салтанатты түрде әскери қызметшілерді кезекті әскери атақтарымен, медальдармен, сондай-ақ грамоталармен марапаттау өткізілді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Әскери колледж бастығы бірқатар ұландарды үлгілі оқуы мен әскери тәртібі үшін «вице-сержант» атағымен марапаттады.
Сондай-ақ, Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған акт залында мерекелік концерт өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында Отан қорғаушылар күнін және Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Ұлы Отан соғысының батырлары: Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала жауынгерлері»көрмесінің ашылуы өтті.
Экспозицияда Ұлы Дала батырлары институтынан бастау алған қазақ жауынгерлерінің жауынгерлік ерліктерінің көпғасырлық тарихын бейнелейтін тарихи, мәдени артефактілер ұсынылған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері запастағы генерал-майор Нагуманов Марат Сералыұлы мен запастағы полковник Данғұлов Қазкей Исқақұлы көрменің құрметті қонағы болды.
Аталған көрмеде Александр Бек кітаптарының тұсаукесері ұйымдасытырлды. Ардагерлер өз сөздерінде соғыс туралы кітаптар "Волоколамское шоссе", "Соғыс психологиясы", "Арпалыс" сол сияқты шығармалардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды элементтер болып табылатынын және кітап оқудың маңыздылығы туралы айтты.
Іс-шара соңында ұландар өздері оқыған "Волоколамское шоссе" кітабы туралы пікірлерін айтты. Барлық ұландар үшін Кеңес Одағының батырлары, аты аңызға айналған қолбасшылар қайсарлық пен батылдықтың қайталанбас көрінісі. Олар Бауыржан Момышұлын әрбір істерін, нақыл сөздерін зор мақтанышпен еске ала отырып, әскери мансап құру жолында оны өздеріне үлгі ететіндерін жеткізді.
Жарысқа 120-дан астам әскери қызметші қатысты. Жеке жарыстарда әйелдер 50 метр, ер адамдар 100 метр қашықтыққа жүзіп жарысты. Сонымен қатар чемпионат бағдарламасына 4х50 метрлік аралас эстафета да кірді.
Жарыс қорытындысы бойынша Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің әскери қызметшілері майор Ворсин Алексей ерлер арасында 100 метр жүзуден 3-ші орынға, әйелдер арасында 50 метрге жүзуден 3-сыныпты сержант Асылбекова Альмира 3-ші орынды иеленді.
Біздің әскери қызметшілерімізді құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз!
2022 жылғы 23 сәуірде Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ағаш отырғызу бойынша іс - шара, сондай-ақ әскери қызметшілердің балаларының қатысуымен "Қарулы Күштері-еліміздің рухы" тақырыбында асфальтта сурет салу конкурсы өтті.
Іс-шараға 30-дан астам әскери қызметкерлердің отбасылары, сондай-ақ әскери колледжінің басшылығы қатысты.
"Қарулы Күштері - еліміздің рухы" акциясы әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне мақтаныш сезімін, отан қорғаушы мамандығына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ әскери қызметшілер отбасыларының бос уақытын ұйымдастыру және жағымды дәстүрлерді дәріптеу мақсатында өткізілді.
Әскери колледждің аллеясында әскери қызметшілердің отбасылары ағаш отырғызды, сол арқылы балаларға экологиялық мәдениетті және бізді қоршаған табиғатқа саналы қарым-қатынасты үйретті. Әрі қарай балалар асфальтқа "Соғыссыз әлем" тақырыбында суреттер салды. Балалар өз суреттерінде елдегі қауіпсіз бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізгі құндылықтарын көрсетті.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен қызметінің басшысы Айнұр Алайдарқызы іс-шараның барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етті, ал іс-шара соңында тәтті тағамдармен үстел ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын мерекелеу бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған, өткізеді, олардың бірі С. Нұрмағамбетов әскери колледж тәрбиеленушілері арасында спорттық ойындар өткізу болып табылады.
2022 жылғы 11-20 сәуір аралығында әскери колледж ұландары арасында ҚР ҚМ әскери білім және ғылым департаменті бастығының жүлдесі үшін шағын футболдан турнир өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 оқу ротасының 3 взводының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды 1 оқу взводының командасы алды, үшінші орынды 2 оқу взводына берілді.
Сондай - ақ турнир қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша үздік ұландар анықталды: Үздік шабуылшы - ұлан Н.Б. Серіков; Үздік қақпашы - ұлан Е.К. Жүсіпбаев; Үздік қорғаушы - ұлан О.Н. Сауран.
Ұландарымызға спортта табыс тілейміз!
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұландары Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алуға арналған сынып сағатын өткізді.
Өз сөздерінде генерал Нұрмағамбетов өз өмірін Отан қорғауға арнаған адам екенін атап өтті. Ол берік іргетас қалаған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан алғашқы Қорғаныс министрі болды.
Бүгінде офицерлер мен сержанттардың барлық буыны, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен әскери мектептердің тәрбиеленушілері үшін Сағадат Нұрмағамбетов өз Отанының ерлігі мен шынайы патриотизмінің үлгісі бола алды.
Қарулы Күштері бір күнде құрылмады, бұл қазіргі армияны құруда маңызды роль атқарған көрнекті тұлғалардың қажырлы және үйлесімді жұмысы. Ата-бабаларымыздың жауынгерлік ерліктерінің негізінде, бүгін біз жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында абыроймен тәрбиелейміз.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында 2022 жылға арналған кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу жоспары шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының Әскери колледжі астаналық Binom-School Tanym мектебінің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Колледждің әскери қызметшілері оқушыларды әскери-оқу орнындағы оқу үдерісімен, әскери мамандықтармен және әскери колледжді бітіргеннен кейін Қарулы Күштерде табысты қызмет атқарудың жетістіктерімен егжей-тегжейлі таныстырды.
Оқушылар оқуға түсу тәртібі мен үміткерлерге қойылатын талаптарға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Әскери колледжге түсу туралы толық ақпаратты ресми сайттың «қабылдау ережелері» бөлімінен немесе +7(701)701-30-01 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.
Онкүндік Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтың алдын алудың 2022 жылға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай іс-шаралар жоспары шеңберінде өткізілді. Аталған онкүндікті өткізудің мақсаты - әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін Діни экстремизмнің деструктивті идеологиясының теріс әсерінен қорғау.
Онкүндік бойы әскери колледжінде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Әскери қызметшілермен деструктивті идеологияның ықпалының алдын алу бойынша сабақтар өткізілді. Қазақстан халқының ұлтаралық және конфессияаралық бірлігі тақырыбына ерекше назар аударылды, акт залында «Жұмақ» қысқаметражды фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің жұбайларына өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, сондай-ақ балаларды деструктивті идеялардың әсерінен қорғау және алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен әскери ұжымның діни жағдайының жалпы портретін анықтау және жеке ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған тестілеу өткізілді.
Біздің еліміздің ең үлкен байлығы - бұл, ең алдымен, біздің бірлігіміз, бейбітшілік пен келісіміміз, біз оны бағалай және лайықты қорғауымыз керек.
Наурыз – рухани құндылықтарды нығайтатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртатын, ынтымақтың, береке мен бірліктің мейрамы.
Бабалар мұрасын, салт-санасын, әдеби туындылары мен дәстүрлі өнерін білу, сақтау, ұрпақ бойына сіңіру аса маңызды ұстанымдардың бірі.
2022 жылғы 19-23 наурыз күндері Наурыз мейрамын атап өту мақсатында Әскери колледж ұландарымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына ғасырдан аса ұлттық құндылықтарға ие тарихи жәдігерлерді тамашалауға барды. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты тәрбие сағаты, взводтар арасында Ұлттық ойын түрлерінен (қазақша күрес, қол күрес, тоғызқұмалақ) спорттық жарыс, «Наурыз мейрамы менің көзіммен» шығарма жазу, сурет салудан, ән мен күйден, биден, бата беруден сайыстар өткізілді. Мерекелік көңіл-күймен үздік шықан взводттар марапатталды.