25 мамыр Астана қаласындағы Әскери колледжінің жеке құрамы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің туылған күніне орай еске алу және мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізді.
Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің 2022-2023 оқу жылына арналған оқу жоспарына сәйкес 2023 жылғы мамырдың 22 - 27 аралығында 68665 әскери бөлімінің базасында 1-ші курс ұландарымен оқу-далалық жиыны өтіп жатыр.
2023 жылғы 5 мамырда Астанада Қазақстан Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бүкілармиялық кеңес өтті.
Әскери колледждің акт залында Әскери колледж бастығы полковник Газиз Ауесқанұлы Тулеушев барлық жеке құрамға Қазақстан Республикасы Президентінің бүкілармиялық кеңесте айтылған сөздерін, талаптарын жеткізді.
Қазақстан Президенті әскери дайындық пен ғылым жүйесін дамыту маңызды міндет екендігін, Әскери академиялар мен институттар әлемдік стандарттарға сай болуы қажеттігін, осы саладағы жоғары оқу орындарының материалдық базасын кеңейту және оқу бағдарламаларын уақыт талаптарына бейімдеу қажеттігін атап өтті.
15 мамырда Әскери колледж ұландарымен бірінші Қазақстандық ұшқыш, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған әңгімелесу сағаты өткізілді.
Ұшқыш Хиуаз Доспанова - Отан қорғаушылардың барлық ұрпақтары үшін батылдық пен қаһармандықтың лайықты үлгісі болып табылады.
Елордалық «Future school» мектебінің 30-дан астам оқушысы оқу орнының инфрақұрылымы мен білім беру жүйесімен танысу үшін әскери колледжге келді.
Әскери колледж басшылығымен экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында 1 оқу ротасының ұландары оқу сыныптарын, мұражайды, жатақхананы, спорт залын көрсетті, сондай-ақ оқушыларға өздерінің күнделікті өмірі туралы айтып берді.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу құрметіне орай қызметтік міндеттерін адал және ынта-жігерімен атқарған, Әскери колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан әскери қызметшілер, азаматтық персоналдар мен ұландар түрлі марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін ұландардың ата-аналарына алғыс хаттар жіберіліп, Әскери колледждің Жауынгерлік Туы жанында түскен жеке суретімен марапатталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев өз сөзінде «Бұл – ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Қазақстан үшін бұл аса маңызды мереке. Еліміз Бірлік күнін міндетті түрде атап өтуге тиіс. Себебі қасиетті Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын десек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы керек. Бұл – анық ақиқат» - айтты.
Бүгінгі таңда әскери колледжінде жеті түрлі ұлт өкілдері оқиды. Бұл Отанды қорғаудың лайықты жолын таңдаған ұландар.
Еліміздің барша азаматының тағдыры жалпыұлттық бірлігімізбен астасып жатыр. Қазақстан – біртұтас ұлт, елімізді әрбір этносы достықты, үйлесім пен келісімді нығайтуға өзінің өлшеусіз үлесін қосып отырған команда деп айтуға болады.
2023 жылғы 26 сәуірде Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 37 жылдығына арналған «Жер - біздің ортақ үйіміз» атты іс-шара өткізілді. Мұндай іс-шаралардың мақсаты өскелең ұрпақты әскери-патриоттық, рухани-адамгершілік, жанашырлық сезімдерге тәрбиелеу болып табылады.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы бойынша «Чернобыль Одағы» ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұстафа Хұсайын Дәуітұлы, Астана қаласы «Чернобыль Одағы» ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Ахметов Әдепхан Шахаманұлы, «Чернобыль Одағы» ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Әшірбаев Бақытжан Шәкірұлы шақырылды.
Іс-шара қонақтары ұландарға Чернобыль апаты туралы, ЧАЭС зардаптарын жоюда жүргізген жұмыстары, ерлік пен қайсарлық, жауапкершілік туралы әңгімелеп берді.
Кездесу соңында «Чернобыль атом электр станциясындағы апат» деректі фильмінің бейнебаяны ұсынылды, онда сәуірдің түнінде атом электр станциясында болған қайғылы оқиғалар, электр станциясының төртінші блогындағы өртпен күреске кіріскен батырлар туралы баяндалады.
Батылдықтың, азаматтық борышқа адалдықтың шынайы үлгісі болған Чернобыль атом электр станциясында болған алапат апаттың салдарын жоюға қатысушыларды біз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, еске аламыз.
3-12 сәуір аралығында Әскери колледждің жеке құрамымен жарғылық емес қарым-қатынастардың, қол жұмсау арқылы билікті асыра пайдаланудың алдыналу, сондай-ақ достық пен серіктестікті нығайтуға байланысты түрлі іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ, онкүндік аясында Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының тергеу және іздестіру бөлімінің аға офицері (тергеушісі) әділет капитаны А.Ажибеков әскери колледждің әскери қызметшілерімен жарғылық емес қатынастар тақырыбы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жарғыны сақтау, достықты бағалау және жақыныңды құрметтеу әрбір әскери қызметшінің міндеті болып табылады, өйткені әскери қызметтің ажырамас бөлігі мықты әскери серіктестік пен әскери қызметшілердің салауатты тұлғааралық қатынастарының кепілі болып табылатын қатаң тәртіп. Өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты – жарғылық емес қарым-қатынастардың, қолжұмсау арқылы билікті асыра пайдаланудың алдыналу, сондай-ақ достық пен серіктестікті нығайту.
Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұландары Еркеғали Рахмадиев атындағы елордалық Мемлекеттік академиялық филармониясында өткен «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі» атты іс-шарасына қатысты.