Жыл он екі айдың жадыраған жаз айы да келіп жетті. Жаздың бірінші күні – Халықаралық балаларды қорғау күні. 1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Атаулы мерекенің басты мақсаты балаларға барлық жағдай жасай отырып, болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру болып табылады.
Міне бүгін де, Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеу әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс істеу қызметінің төрайымы Айнұр Алайдарқызының ұйымдастыруымен әскери қызметшілердің балаларына арналған «Бар жақсылық – балаларға!» атты мерекерлік іс-шара ұйымдастырылып, әйгілі «Red Bus» екі қабатты автобусында «Бәйтерек», «Думан океанариумы», Жағалау», «Хан Шатыр» СОО, «Expo», «Триумфальді арка», «Қазақстанның Ұлттық мұражайы» бағыттары бойынша экскурссия өтті. Бұл балалар мерекесі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңі ретінде аталып өтті. Аталған іс - шараға «Жас ұлан» РМ әскери қызметшілерінің 30 баласы қатысты.
Экскурссия танымдық қана емес, сондай-ақ балалар үшін аниматорлар көптеген конкурстар мен ойындар өткізгендіктен мереке өте көңілді болды. Осы ұйымдастырылатын мерекелік сайыстар мен жарыстарға белсене қатысқан балалар құралақан қалмай, сыйлықтарға ие болды. Балалар ұмытылмас әсер алды! Балаларға өз жүрегіңнің жылулығын сыйлай отырып, сүйіспеншілікке, қамқорлыққа бөлеуді ұмытпаңыз!
«Жас ұлан» республикалық мектебінде «Армияда қылмысқа орын жоқ» кешенді бағдарламасы аясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық айлығы аяқталды.
Автокөлігі бар әскери қызметшілерге көлік жүргізгенде тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуды ескерту мақсатында сәуір айында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді.
Мектептің автоәуесқойлар қоғамы тұрақты негізде автомобильдерді тексеруді жүзеге асырады және жүргізушілерге көлік құралдарын дұрыс пайдалану жөнінде ұсыныстар береді.
Сіз жаяу жүргінші болсаңыз да, жүргізуші болсаңыз да, жолда абай болу және жолда жүру ережелерін қатаң сақтау маңызды. «Қауіпсіз жол-қауіпсіз өмір».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі» болып қайта құрылды.
Құрметті ата-аналар, өкілдер.
Сізге 2021 жылдың 9 ақпанында № 45 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Нұр-Сұлтан қ. Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі (әрі қарай - Мектеп) Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери колледжі болып қайта құрылғанын хабарлаймыз.
Колледж кәсіптік техникалық білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Жалпы орта білімнің (орта мектеп) білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілмейді, өйткені осы білім беру қызметіне лицензия алынады.
Мектепке оқуға түскен кезде сіздерге тиісті хабарлама берілген, және сіз оқуға арналған шартқа қол қойғансыз, оның 4.4. тармағында мектептің Әскери колледжге қайта құрылу мүмкіндігі айтылған болатын.
«Білім туралы» ҚР Заңы 42 бабының 2 тармағына сәйкес, тәрбиеленушілер әрі қарай оқуды жалғастыру үшін Алматы, Қарағанды, Шымкент ққ. «Жас ұлан» республикалық мектептеріне ауыстырылатын болады.
Мектептердің мекенжайлары және телефондары:
Б. Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі –
Алматы қ., Пятницкого көш., 100, тел. 8(727)3097365.
Т. Бегельдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі –
Қарағанды қ., Мұстафин көш., 10, тел. 8(7212)561161.
С. Рахимов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі –
Шымкент қ., Қалдаяқов көш., 3, тел. 8(7252)563245.
Мектептердің біріне ауыстыру үшін Сіз біздің мекенжайға өтініш жазуыңыз қажет.
Басқа өңірлердегі ата-аналарға (өкілдерге) ыңғайлы болу үшін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық пошта жұмыс істейді, өтінішті беру тәртібі және іс-қимылдардың кейінгі хронологиясы туралы ресми ақпарат zhasulan.mil.kz сайтында орналастырылады.
Жауапты адамдар:
Мектеп бастығының орынбасары – оқу бөлімінің бастығы подполковник Байкенов Хамит Бақдаулетұлы, ұялы тел. +77784535008; 87172474097.
Мектеп бастығының орынбасары – тәрбие және идеология жұмыстары бөлімінің бастығы майор Байқұлов Серік Нұрмолданұлы,
ұялы тел. +77017013001; 87172474097.
Сіздерден біздің ресми сайтымыздың сенімді ақпаратын ғана басшылыққа алуды, және ротаның, взводтың және т.б. өзге лауазымды, қандай да бір түсініктеме беруге уәкілетті емес, тұлғаларының көмегіне жүгінбеуді сұраймыз.
Одан басқа, сіз балаңызды өз таңдауыңыз бойынша басқа да білім беру ұйымдарына ауыстыруға құқылы екеніңізді хабарлаймыз.
Қосымша: хабарламаның және шарттың көшірмелері, 4 парақта.
Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы
әділет полковнигі Т. Басхожаев
Құрметті ата-аналар, өкілдер. Сіздерге жолданған хабарламаға сәйкес, Мектеп бастығының атына жазылатын өтініштің үлгісі ұсынылып отыр. Аталған өтінішке жеке куәлігіңіздің көшірмесін қоса тіркеуіңіз қажет. Осы құжаттардың скан-көшірмесін (немесе фотосуретін) This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жібересіздер. Құжаттардың көшірмесін жасау кезінде сапалы орындалуына назар аударуларыңызды сұраймыз.
Қазіргі уақытта сіздің балаларыңыз онлайн-режимде оқып жатқандықтан, Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға «тіркеу билеті» үшін медициналық тексеруді «Жас Ұлан» республикалық мектебі тіркелген Нұр-сұлтан қаласының № 10 қалалық емханасы базасында жүргізу мүмкін емес. Сондықтан, 2004 жылы туылған, Нұр-сұлтан қаласынан тыс жерде тұратын тәрбиеленушілер үшін тұратын жері бойынша емханаларда немесе амбулаторияларда медициналық комиссиядан өтіп, соңында мамандардың тексерулері мен барлық тексеру нәтижелерін мектептің This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберу қажет.
COVID-19 коронавирустық инфекциясын таратудың және жұқтырудың алдын алу мақсатында 2020 жылы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау қашықтықтан, алыс режимде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
№ 198 бұйрығымен бекітілген 2018-2021 жылдарға арналған жаңартылған білім беру мазмұнын одан әрі іске асыру бойынша Жол картасына сәйкес республиканың білім беру мектептері жаңа бағдарламалар бойынша оқуға көшеді.
Білім алушыларды іріктеу сапасын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына» ҚР ҚМ әскери институттарына оқуға түсу үшін ҰБТ бейіндік пәнді таңдау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі: