Қарулы күштерінде Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» байқау өтті.
Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту, әскери қызметшілерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жеке құрам арасында әртүрлі ұлт өкілдерінің достығын нығайту, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін, өнерін, мәдениетін дәріптеу.
Әскери колледж командасы алғашқы рет осы байқауға қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Түрлі ұлттардың әскери қызметшілері қазақ тілін жетік меңгергенін көрсетіп, мемлекеттік тілде өнер көрсетті.
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы көрермендерге ұмытылмас эмоциялар қалдырып, әсерлі нөмірлермен өнер көрсетті.
Елордадағы әскери колледжде еліміздің бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Аталмыш шараға генералдар, офицерлер, сержанттар, кадеттер, ұландар, сондай-ақ ардагерлер мен басқа да қонақтар қатысты. Он жыл бұрын еліміздің ең ұлы әскери қайраткерлерінің бірі өмірден озды.
1945 жылы даңқы жер жарып, аты аңызға айналған генерал бюстінің жанына оның есімі берілген әскери колледждің бүкіл жеке құрамы сап түзеді. Батырды құрметтеуге келгендер ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Бір минут үнсіздік жарияланды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов сөз сөйледі. Ол Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрінің жауынгерлік жолы аңызға толы екенін, қазақ халқының батыр ұлы мемлекетке және болашақ ұрпаққа қызмет етудің, ерлік пен жауынгер абыройының, ар-намыс пен адамгершіліктің үлгісі болғанын атап өтті.
– Сағадат Нұрмағамбетов Қарулы күштерді құруға, оны қалыптастыруға және дамытуға баға жетпес үлес қосты, әскерді жаңа жетістіктерге жеткізді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары. – Бүгін Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы, ерлігі мен табандылығы қазақстандық Отан қорғаушылар үшін ғибрат аларлық дүние. Батырдың есімі халық жадында мәңгі сақталады. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов салған даңқты жауынгерлік дәстүр жалғасады деп сенемін.
Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты азаматтық және патриотизм сабағы өтті. Оны Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов жүргізді.
Ол колледж тәрбиеленушілеріне Отанға қызмет ету – ежелден әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті болғанын, әрі абыройлы іс екенін айтты.
– Біздің ата-бабаларымыз Райымбек, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты ел қорғаған батырлардың ерлігімен тәрбиеленді. Олар көшпенді халықтың бостандық рухын оятып, жоңғар шапқыншылығы кезінде ұлы даланың азаттығы үшін күресіп, қан төкті, – деді министрдің орынбасары.
Колледж тәрбиеленушілерімен әңгімелесу барысында генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің көрсеткен ерлігі жайында да сөз қозғады.
– Патриотизм – адам жанының тереңінде жатқан ішкі сезім. Ол сөзбен емес, іспен бағаланады. Өзін және елін құрметтейтін әр адам өз халқына, әнұранына, туы мен тіліне ерекше сезіммен қарауы керек деп санаймын, – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.
Кездесу соңында әскери колледждің құрметті қонағы жастарға оқуда табыс тілеп, ата-бабаларының даңқты әскери дәстүрлерін жалғастыратынына және Қарулы күштер сержанттық корпусының қатарын толықтыра отырып, Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Конституция күні қарсаңында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде алғаш рет ант беру рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев, Қарулы күштердің ардагерлері, Халық қаһарманы отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов, әскери колледждің оқытушылары, еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген ұландардың туыстары мен жақындары қатысты.
Қалыптасқан дәстүр бойынша армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Әскери колледж тәрбиеленушілерін Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев құттықтады.
Ол өз сөзінде курсанттардың туыстарына:
– Балаларыңыздың бойына кішкентай күнінен патриотизмді сіңіріп, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелегендеріңіз үшін сіздерге ризамыз. Сіздер ұлдарыңыз, бауырларыңыз Қарулы күштер қатарында елге қызмет ететінін және оның тұтастығын қорғайтынын мақтан тұтуларыңыз керек, – деді.
Әскери ант беру рәсімі аяқталған соң оқу орнының басшылығы экскурсия ұйымдастырды. Онда қонақтар колледж мұражайында болып, казарма, оқу аудиториясы және асханамен танысты.
2023 жылғы 16 маусымда Астана қаласының Оқушылар сарайында VII республикалық «EduStream Juldyzdary» байқауының жеңімпаздарының салтанатты рәсімі өтті.
2023 жылғы 4-10 маусым аралығында 2- курстың ұландары Щучинск қаласында орналасқан «Амандық» оқу орталығында оқу-далалық жиындарда болды.
Ұландар байланыс, РХБҚ, қару-жарақ және әскери техника, инженерлік-саперлік дайындық әскери мамандықтары бойынша сабақта алған білімдерін практикада пысықтады. Барлық ұлдар күн сайын АК-74-тен бақылау ату, оның ішінде түнгі уақытта ату жаттығуларын орындады, осылайша ату дағдыларын жетілдірді.
Далалық жағдайда өмір сүру, әрине ұжымды біріктіреді, сонымен қатар әскери кәсіпті игеруде маңызды баға жетпес тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
Оқу-далалық жиындарын өткізу қорытындысы бойынша түрлі бағыттар бойынша үздік нәтижелер көрсеткен үздік ұландар анықталды. Әскери колледж басшылығы ұландарды мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және қарым-қатынаста, әлеуметтік желілерде және БАҚ-та этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау бойынша онкүндік өтті.
12 маусымда Әскери колледжінің әскери қызметшілерімен және ұландарымен Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының өкілдері жарғылық емес қарым-қатынастардың, биліктен асып кетудің және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгімелесу өткізді.
Бүгін әскери колледж ұландары Мемлекеттік рәміздерімізге құрмет ретінде саптық алаңда Қазақстан Республикасының Туын көтеріп, барлық қазақстандықтармен бір мезгілде шырқалған әнұранға қосылды.
Мемлекеттік рәміздер еліміздің еркіндігін, тәуелсіздігін күллі әлемге танытушы.
3-маусым күні Әскери колледжде «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасымен бірлескен «Ашық есік» күні іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Бас әскери прокуроры генерал-майор Секенов Дастан Әбдіқадырұлы және әскери қызметшілердің балалалары шақырылды.