Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұландары Еркеғали Рахмадиев атындағы елордалық Мемлекеттік академиялық филармониясында өткен «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі» атты іс-шарасына қатысты.
2023 жылғы 20-29 наурыз аралығында әскери колледжде «Ұлтаралық бірлік, бейбітшілік және теңдік негіздері» онкүндігі өтті.
Онкүндіктің басты мақсаты - діни экстремизм идеяларының армия ортасына таралуына жол бермеу.
Онкүндік аясында түрлі іс-шаралар, соның ішінде Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Діндерді зерттеу орталығы» ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерін тарта отырып өткізілді. Теологтар Сейдолла Әли Бақтиярханұлы мен Қасымов Бердімұрат Сайынұлы әскери колледж ұландарымен қызықты және танымдық әңгіме өткізді.
Теологтар өз сөздерінде Қазақстандағы ұлтаралық бірлікке, бейбітшілік пен теңдікке байланысты мәселелерге ерекше назар аударды.
Ауған соғысының ардагерлері әскери колледждің ұландарымен танымдық әңгімелесу өткізді. Іс-шараға Астана қаласы бойынша «Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылардың ардагерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы ардагер Рысбай Болат Сейлханұлы,
сондай-ақ ардагерлер Р.Әріпжан, М.Жарекеев, С.Гельманов, К.Оспанов, Е.Умирзаков, М.Беркимбеков, Р.Байбусин, Е.Жапаров, Ы.Ермек, К.Алдангоров, С.Шоткалинов қатысты.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, ал ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті.
Іс-шара қонақтары жас ұрпақты ата-бабаларын құрметтеуге, әрқашан кәсібилігін жетілдіруге және өткен соғыстардың тарихын зерттеуге қызығушылық танытуға шақырды.
Мұндай кездесулер өткен заманның тарихына енуге мүмкіндік береді, бұл әңгімелер таңғажайып пен қаһармандыққа толы, олар сізге соғыстың шын мәнінде қандай болғанын сезінуге және түсінуге мүмкіндік береді.
Әскери колледжде әскери қызметшілердің отбасыларына арналған қызықты құттықтау бағдарламасы өтті. Әскери колледж қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырып, іс-шараның кішкентай қонақтарына тәтті сыйлықтар табыстады, ал көңілді аниматорлар әр қонаққа көңіл бөлді.
Сондай-ақ, әскери колледж әскери қызметшілерінің балалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен мерекелік іс-шараға қатысты.
Қызықты шоу-бағдарлама көрсетіліп, балалар Аяз ата және Ақшақармен дөңгелене биледі, ал іс-шараның кішкентай қонақтарына арналған шағын ойындар мен сыйлықтарды ҰӘПО-ның қызметкерлері дайындады.
Балалар өздеріне көптеген жағымды эмоциялар алды. Олар Аяз Атаға өлең айтып, өз таланттарын көрсетті, сонымен қатар жұмбақтар шешті.
Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжіне Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейінің оқушылары келді.
Әскери колледж басшылығымен ауқымды экскурсия ұйымдастырылды. Онда колледж ұландары оқушыларға әскери оқу орнының құрылу тарихы туралы баяндап, колледждің материалдық-техникалық базасын, оқу сыныптарын, сондай-ақ өздері тұратын жатақхананы таныстырды.
Ұландар оқу қаруы АК- 74 ті бөлшектеу және жинақтаудан өз тәжірибелерін көрсетті. Оқушылар бұған үлкен қызығушылық танытты.
Оқушылар әскери қызметшілер мен ұландарға осы іс-шараға шақырғаны үшін, сондай-ақ қызықты және танымдық экскурсия өткізгені үшін үлкен алғыстарын білдірді.
«Ашық есік күні» жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында өткізілетін маңызды іс-шара болып табылады.
26 қарашада Астана қаласында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті, ол республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің әскери қызметшілері мен ұландары инаугурацияның салтанатты рәсімін тікелей эфирде тамашалады.
Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұландарымен кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар кездесу өткізді. Жеке құрам арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында әңгіме қозғалды.
Есіл ауданының ПБ ювеналды полициясының аға инспекторы полиция майоры Ұлбосын Жаныбекқызы ұландарға кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс статистикасы, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді.
Құқық бұзушылықтарды алдын алу Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмыстың негізгі бағыты, сондықтан да Әскери колледжде ұландарды жауапкершілік пен жоғары тәртіпке тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.
Астана қаласында жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған қоян-қолтық ұрыс спорттық жарысында 2 оқу ротасы 5 оқу взводының ұланы Бақаев Алдияр ептілігі мен күштілігінің және салауатты өмір салтын ұстануының арқасында 1-ші және 2-ші орын жеңіп алды
Біз әскери колледж ұландарының жетістіктерін мақтан етеміз!
Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі әскери қызметшілерінің балалары арасында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметінің ұйымдастыруымен күзгі қолдан жасалған бұйымдар конкурсы өтті. Әскери қызметшілердің балалары шығармашылық шабытпен түрлі қолөнер бұйымдарын жасады, әрине, бұған ата-аналары да көмектесті.
Әр жұмыс ерекше және қиял мен ізденсіке толы болды, сондықтан конкурсқа қатысушылардың әрқайсысына әскери колледж басшылығы белсенді қатысқаны үшін естелік сыйлықтар, грамоталар табыс етті.