Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік емтихандар мен мектепті аяқтауға арналған іс-шаралардың алынып тасталғаны баршаңызға белгілі.
ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес барлық білім мекемелері 6 сәуірден бастап қашықтықтан білім алу технологиясына көшеді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері «Біз біргеміз» акциясын қолдау мақсатында «Құлыншақ» балабақшасының аумағын тазалауға көмектесті.
2020 жылдың 18 ақпан күні ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасының Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне арналған «Олар әскери борышын өтеді...» атты көрмесі өтеді.
Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі 2018 жылғы мектеп түлектерімен, қазіргі уақыттағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 3-ші курс курсанттарымен кездесу өткізді. Осындай кездесулер жоспар бойынша және мектеп тәрбиеленушілерінің кәсіби бағыт-бағдары мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.
2020 жылғы 7 ақпан күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде мемлекеттік тілден әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдар арасында «Сөзмерген» сайыс сағаты өтті. Сайыс сағатының мақсаты қазақ тілінің бай сөздік қорын насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналды. Қатысушылар «Тапқырлар» және «Бірлік» болып екі топқа бөлінді. Үй тапсырмасы ретінде берілген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері оқылды. Жарыс төрт кезең бойынша өткізілді: «Мықты болсаң тауып көр» - тұрақты сөз тіркесін тауып, мағынасын ашу, «Жүйрік болсаң озып көр» - мақалдың жалғасын кім тез табады? «Білгенге маржан» - көнерген сөздер қандай мағына береді? «Жезтаңдай» - жаңылтпашты жаңылмай жатқа айту. Қатысушылар үлкен қызығушылықпен атсалысып, әдемі ойын көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаздар мақтау қағазымен және сыйлықтармен мапаратталды.
2020 жылдың ең алғашқы күнінде генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметшілері мен тәрбиеленушілері қарттар үйіне барды. Акция волонтерлер жылының ашылуына орай ұйымдастырылды.
Бүгін 2019 жылғы 27 желтоқсан күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқу бөлімінің ұйымдастыруымен Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы республикалық әскери мектептері мұғалімдерінің арасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда критериалды бағалау - оқу үдерісінің басты факторы» тақырыбына онлайн түрінде дөңгелек үстел өткізді.
Новый год – это замечательный праздник, который любят и взрослые, и дети. Конечно, детвора относится к этому празднику с особым трепетом: наряжается пушистая ёлка, готовятся костюмы для новогоднего карнавала, пишется письмо Деду Морозу с просьбой о желанном подарке.
Генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде дәстүрлі жаңа жылдық іс-шара өтті.