21-31 қазан аралығында «Жас ұлан» республикалық мектебінде математика, информатика, физика (МИФ) пәндерінің апталығы өтті. МИФ апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.

«Астана дарыны» дарындылықты ұйымдастыру орталығының жоспарына сәйкес 25 қазан күні  Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында, 8-11 сынып оқушылары арасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Ғали Ормановқа арналған қалалық Ғали оқулары өтті. Бұл аталған іс-шара  мектеп оқушыларына  Ғали Ормановтың өнегелі өлеңдерін насихаттай отырып, дарынды оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға  жағдай жасай білді.

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Республикасы Халқының Тілдері күні мерекесіне арналған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты айлық өтті.

Далалық жиын оқу жылына арналған мектеп жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, 10-сынып тәрбиеленушілерімен алған теориялық білімдерін бекіту мақсатында өткізілді, жиынның басты тапсырмасы тәжірибелік жаттығуларды өңдеу, сонымен қатар дағды мен машықты, алған білімді тәжірбиеде шыңдау болып табылады.

25 мамыр - бұл барлық мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн, толғаныс пен тебіреніске толы күн... Жүректері лүпілдей соғып, қимастықпен қатар қуаныш пен асқақ армандарға жетелейтін күн...

2019 жылдың 26 сәуірінде ҚР ҚК Әкімшілік департаментінің ұйымдастыруымен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың акт залында 21-30 жас аралығындағы үш тілді еркін меңгерген (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) ҚР ҚМ, БШ мен ҚК құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы арасында «Тіл шебері – 2019» конкурсы өтті. Конкурс жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге, тіл мәдениетін жетілдіруге және әліпбиді латын графикасына көшіруді насихаттауға бағытталды.

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында «Тұңғыш» экскурсиялық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының өкілдерімен ұйымдастырылған көшпелі экскурсияның онкүндігі өтті.

2019 жылдың 10-14 сәуір аралығында Алматы қаласында «INFOMATRIX–ASIA 2019» компьютерлік жобалардың халықаралық байқауы өтті, оған әлемнің 9 елінен 400 оқушы қатысты. Байқауды жыл сайын Сүлеймен Демирел университеті мен «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өткізеді. Жас зерттеушілер 7 номинация бойынша сайысқа түсті, олар: математикалық жобалар, робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, басқару жүйесі, қысқа метражды фильмдер, дрондар жарысы.

Өткен аптада генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері ҚР Тұңғыш Президенті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Бүгін генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында 11 сынып оқушылары арасында VI Республикалық «САРДАР» кешенді олимпиадасының соңғы қорытынды кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege